Байқоңырда ел азаматтарын жұмыстан шығарып жатыр

Dalanews 05 там. 2016 11:50 841

Байқоңыр қаласының әкімшілігі мен «Роскосмосқа» қарасты кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер саны 23,5 мың болса, соның 12,5 мыңы – Қазақстан азаматтары.

– Бүгінде қала ұйымдары мен мекемелерінде штат саны қысқарып, жұмысшылар жұмыстан босатылуда. Әлемде қалыптасқан экономикалық жағдай бағдарламаларды қысқартуға, ғарыштық және «Байқоңыр» ғарыш айлағын ұстап тұру шығындарын оңтайландыруға әкеп соқты. Мемлекеттік бюджетке жүктемені төмендету мақсатында «Роскосмос» корпорациясы құрылды, – дейді ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов.

Ресми статистикаға сүйенсек, жұлдызды қалада 2014 жылы 360 адам жұмыстан босатылса, соның 266-сы, 2015 жылы босатылған 464 жұмысшының 409-ы – ҚР азаматтары. Биыл 134 адам жұмыстан қысқартылды. Оның 102-сі немесе 76%-ы – қазақстандықтар.

Назерке САНИЯЗОВА

 

Дереккөзі: baq.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар