«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Бәйдібек ауданындағы киелі мекендерді абаттандыру жұмыстары күнделікті жүргізілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандағы Бәйдібек ата кесенесі, Аппақ ишан сәулет-көркем мұражайы, Ақмешіт үңгіріне сенбіліктер ұйымдастырылып елді мекендердегі ескерткіштер жаңалануда.
Бәйдібек ауданының прокуроры Мәди Байтелиев, прокуратура қызметкерлері, №19 колледж студенттері және аудан жастарымен бірге Домалақ ана кесенесінің аумағына көшеттер екті.
Сонымен қатар Домалақ ана бұлағының аумағына сенбілік ұйымдастырылып, талдардың түбін әктеу, қураған ағаштар мен қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілді.