Бұл істі сот төрағасы Берікжан Байжүнісов қарайды. Оның айтуынша, Есентаевтың ісімен алқа билер соты айналысады. Сондай-ақ, ол сот отырысын жабық түрде өткізу туралы шешім қабылданған.
Себебі Есентаевқа сексуалдық мәндегі айыптар тағылып отыр. Сонымен қатар Бақытбек Есентаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабынан басқа ("Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу"), ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Зорлау") бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Айта кетейік, Баян Есентаева сот отырысына келмеген. Сотталушының адвокаты Бекболат Жексеитов.
Осыған дейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берген болатын. Видеосұхбат Динара Сәтжанның YouTube хостингіндегі арнасында пайда болды.
Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.