Той қашан?
Тұрсынғали Алагөзов: Біз бұл мәселені шешіп қойғанбыз. Ал достармен, туыстармен дастархан басына жиналуға келсек — меніңше, көктемге қарай. Көктемде, мамырда тойлаймыз деп ойлаймын.
«Мен де адаммын ғой»
Баян Есентаева: Мен де қарапайым адаммын. Жақсы көрмеуге де, жақсы көруге де құқым бар. Өзге әйелдерден айырмашылығым жоқ. Өзімді ешқашан үлгі деп атамағанмын. Қоғам болса адал әйел, жақсы ана, адал, батыл, тәртіпті болу керек деген түсініктерді ұстануым керек деп есептейді. Бірақ менің де қателесуге құқығым бар. Ісімнің дұрыс-бұрыстығын ешкім де білмейді. Мен ессіз ұнатып, миымды реттемеген болып шықтым. Алайда кейде сананың жүрекке бағынбайтын сәттері болады, ал мұның алдында бәрі де керісінше еді. Ертеде мен әрбір қадамымды есептеп, ойластыратынмын. Ісімнің барлығы да таразыланатын еді. Ал енді 42 жасымда осындай жағдай болып отыр, өз-өзімді тоқтата алмай, не болып жатқанын да түсіндіре алмайтын жағдай.
Қалай таныстық?
Баян Есентаева: Жұмыс бабымен жүріп таныстық. Құрбым телефон шалып, «Аналар үйі» жайлы сериал түсіргісі келетін меценат жігіттер жайлы айтты. Дым да түсінбедім. Сондықтан бірден келісім бермедім. Маған «өтінемін, жігіттер телефон соғады, Тұрсын деген» деді. Келісім бердім. Осы кезде қоңырау шалынды. Құлаққа жағымды ер адам даусы, әдеппен сөйлесті. Әдеттегідей сағат түскі екіде кездесуге келісім бердім. Бұл өткен жылдың наурызы болатын. Кездесуді түске дейінгі уақытқа қоймайтын едім. Тұрсын көмекшісімен келді. Әңгіме барысында қалай сериал түсіру керек екені жайында кеңес сұрады. Қандай технологияны қолдануға болатынын айтып бердім. Іскерлік кездесу болды.
«Бұрынғы күйеуіммен әңгімеміз таусылған еді»
Баян Есентаева: Иә, шын мәнінде бірге болдық, мұны жасырған да жоқпын, біз өткен жылдың көктемінде таныстық. Мен тұрмыста едім. Бірақ мен тұрмыстағы өмірім жайлы, ажырасқым келгені жайлы осыған дейін де айтқанмын. Мұнда менің жеке өмірім жайлы әңгіме болған жоқ. Іскерлік кездесу болды, ешкімде «іс насырға шабады» деген ой болмады. Сосын Тұрсын маған «Жағдайыңыз қалай? Тіс дәрігеріне қаралдық» деп жазып жіберді. Сөйтсек, екеуміз 20 жыл бойы бір тіс дәрігеріне барып жүріппіз. Сосын осылайша әңгімеміз жарасып кетті.
Тұрсынғали не дейді?
Тұрсынғали Алагөзов: Баянмен танысқан кезімде мен ажыраспаған едім. Қазір болса ажырасу үстіндемін. Бұл неге ұзаққа созылып жатқан процес дейтін шығарсыз, мен — бизнесменмін, заң бойынша бөлінетін мүлік бар, осыған байланысты, банктерге байланысты кейбір мәселелер болды. Осының барлығын аяқтауға уақыт керек. Ақпанның соңына дейін мәселе шешіледі деп ойлаймын. (…) Танысқан адамдардың 99 пайызы некеде болады. Біздің жағдайда да солай болды.
БАХА…
Баян Есентаева: Ол жасаған қылмысы үшін бостандығынан айырылды. Бірақ ең қорқыныштысы — адамдардың оның әрекетін құптап, «дұрыс істеді» деп жатқаны. Яғни адамдар көзге шөп салған әйелді жазалау керек деп есептейді, осыны қолдайды. Демек некедегі әйелдің барлығын біреуді ұнатып қалғаны үшін жазалайық онда. Қоғамның қылмыскерді ақтап, дұрыс істеді деуі — үрей туғызады. Пышақ ала жүгіретіндерді ақтайтын адамдар неге сонша қатыгез?
10 маусым. Әуежай. Такси…
Тұрсынғали Алагөзов: Мен Баянды үйіне жеткізіп салуды ұсынғанмын. Баян қарсы болып, мен оны таксиге отырғызып жібердім. Бұл оқиға такси жүргізушісінің көзінше болды. Ол бірінші кезекте құқық қорғау органдарына хабарласуы керек еді. (…) Адамдардың әсіресе дымды білмей, түсінбей жатып, қорлау сөз айтатыны көңілге тиеді. «Сен кінәлісің» деп, еш ойланбай айта салады.
…Сол күні үйге барып, бұрынғы әйеліме бар шындықты айттым — ажырасу туралы шешімімді айттым.
Баян Есентаева: 10 маусымда атышулы оқиға болды. 3-4 ай бойы жұрттың алдына шыға алмадым, осы уақыт бойы шетелде болдық…Тұрсын батылдығын менен бұрын көрсетті. «Жасырынғанымыз жетер, «таныс емеспіз» деуді, әуежайдан бөлек шығуды тоқтатамыз» деді.
Енді Алагөзовтің жұбайы болғым келеді. Баян Алагөзова болғым келеді. Ері мен әйелі бір болуы керек. Балалы болып жатсақ, шешесі Есентаева, әкесі Алагөзов болып жүргенімізді қаламаймын.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
Суреттер: kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды