"Бауырымды сағындым": Мақпал Жүнісова марқұм ағасына жазба арнады

"Бауырымды сағындым": Мақпал Жүнісова марқұм ағасына жазба арнады
ашық дереккөзден

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, туған ағасы Болатты еске алды, деп dalanews.kz тілшісі ozgeris.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі өзінің орындауындағы "Бауырымды сағындым" әнін жүктеп, марқұм ағасына деген сағынышын жеткізді.

Әншінің айтуынша, ағасы Болат 1961 жылы дүниеге келген. Ол 1983 жылы Ертіс өзенінде қызды құтқарамын деп суға ағып кеткен.

"Туған ағам Болат, 1961 жылғы. 1983 жылы Ертістің суында қызды құтқарамын деп бірге ағып кете барды. Топырағың торқа болсын, жан ағам", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары әншіге көңіл айтып, марқұмның жатқан жері жайлы болсын деген тілектерін қалдырды.

"Иманды болсын", "Бауырыңыздың жатқан жері жайлы болсын", "Жатқан жері жарық болсын", – деп жазды оқырмандар.