"Батьканың" беті қайтты". Лукашенко өзгеріс туралы айта бастады

Dalanews 31 там. 2020 08:58 798

Беларусь президенті Александр Лукашенко тамыздың 24-інен бері толастамай жатқан наразылықтан қаймыға бастаған сыңайы бар.




Бұған дейін өз резиденциясының аумағында автомат асынып, сырттағы елгі сес көрсетіп жүрген Лукашенко өзгерістер туралы ойлана бастады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Президент резиденциясының алдындағы ереуілдеткен елдің қарасы күн өткен сайын көбейіп, билікті күндіз күлкіден, түнді ұйқыдан айыруда.

Президентке қарасты Пул-первого телеграм-арнасының хабарлағанындай Лукашенко өзгерістерге қарсы емес, оны тек өткенмен байланыстырғысы жоқ. Қоғамды алға сүйрейтін өзгерістерді ғана құптайтын көрінеді.

"Кейбіреу айтып жүргендей 1994 жылғы Конститутцияға оралғаннан ұтарымыз шамалы. Біз осы бір аласапыран кезеңде өмір сүрдік. Сол кезеңнің қиын-қыстауын бастан өткердік, бойымызға сіңірдік. Алайда ол кез өтті. Келмеске кетті...

Қандай, нендей жағдайын болғанына бәріңіз куәсіздер. Өткенге оралу - алға жылжу емес. Өзгеріс өткенге оралу дегенді білдірмейді. Керісінше, кері жүру бұл. Өзгерістер біздің қоғамды алға сүйреуі керек. Біздің ұсынамыз осы. Осындай өзгерістердің орын алуын құптаймыз. Халыққа ұсынарымыз да осы...", – дейді Лукашенко.

Беларусь президенті өзінің бәз-баяғы әдетіне басып халыққа қандай өзгерістер ұсынарын ашып айтпаған екен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар