Нысанның жалпы ауданы 800 ш.м. құрайды. Ғимаратта Қазақстандағы Lexus автомобилдерінің толық моделдерінің қатарын көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи шоу-румы бар. Сонымен қатар нысан тексеру, жөндеу және шығыс материалдарын айырбастау үшін және слесарлық жөндеуге арналған көтергішпен жабдықталған.
Ақтөбе қаласындағы Lexus орталығы Нұр-Сұлтан қ. және Алматы қ. кейін Қазақстан Республикасының аумағында брендтің 3-ші дилерлік орталығы болып табылады. Нысан «Ақтөбе Авто орталық» ЖШС-ға тиесілі, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жобаның қаржылық серіктесі болып табылады.
- бизнесті қаржыландыру туралы шешім қабылдау барысында, біздің банк басшылыққа компанияның қаржылық көрсеткішін ғана алмай, компанияның толыққандылығына және мақсатталпынымына, оның міндетіне, сонымен қатар қызметінің әлеуметтік-экономикалық саласына әсер ететініне ерекше көңіл бөлген, - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло ашылу салтанатында. - «Ақтөбе Авто орталық» компаниясы осы барлық бағыттар бойынша керемет көрсеткіштер көрсетті.
Банк компаниямен 5 жылдан бері қызмет жасауда. Lexus орталығын тұрғызуға және іске қосуға арналған инвестициялық қаржыландырудан бөлек «Ақтөбе Авто орталық» ЖШС ВТБ-ның келесі өнімдерін, атап айтқанда, айналымдағы қаражатты толықтыруға арналған кредиттік желіні, еңбекақы жобасын, есеп-айырысу – кассалық қызмет көрсетуді, заңды тұлғаларға арналған депозиттерді және т.с.с қолдануда. Бұл серіктестік әлеуметтік экономикалық аумақтың дамуына: жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, бюджетке төленетін салық аударымдарын ұлғайтуға және қалалық инфрақұрылымды жақсартуға жағдай жасауды.
- Банк ВТБ – бизнесті белсенді дамытуға қол ұшын беретін сенімді серіктесіміз. Біз жеке тіл табуды, жайлы қызмет көрсертуді, сонымен қатар осы банктің тиімді қаржылық өнімдері мен қызметтерін жоғары бағалаймыз, - деп айтты «Ақтөбе Авто орталық» ЖШС –ның Коммерциялық директоры Сергей Никитин.