Батыс Қазақстан облысында қауіпті криминалдар ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.
19 мамырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ҰҚКД жедел мәліметтер бойынша қылмыстық ортада "заңдағы ұры" атағына ие 1963 жылы туған іргелес мемлекет азаматының ел аумағына кіру фактісін анықтады.
"Ол Орал қаласының полициясына жеткізілді. Қажетті тексеру іс-шараларын өткізгеннен кейін ер адам Қазақстан аумағынан Ресейге бағыт алып, көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарымен құрықталды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес Ресей Федерациясының сот органдарымен оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 210.1-бабы "Қылмыстық иерархияда жоғары дәрежені иелену" бойынша іс қаралып жатыр", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.