Баталов Шаштайұлын 70 жас мерейтойымен құттықтады

Баталов Шаштайұлын 70 жас мерейтойымен құттықтады
Алматы облысы əкімі Амандық Баталов Жамбыл ауданына барып, белгілі қаламгер, жазушы Жұмабай Шаштайұлын 70 жасқа толған мерейлі тойымен құттықтады.

Жазушыға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау телеграммасын табыстап, ізгі тілегін жеткізді.

Облыс əкімі Жетісу жұртшылығының атынан қаламгерге шығармашылық табыс, ұзақ ғұмыр тіледі.

Еске салсақ, Жұмабай Шаштайұлы – жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиаты, Халықаралық Жамбыл атындағы жəне «Алаш» сыйлықтарының иегері, Алматы облысының тумасы. Республикалық БАҚ-тарда қызмет атқарған. «Жала мен нала», «Жыр жолбарыс», «Біздің заманның Аяз биі», «Жаңғырық» кітаптарының авторы.