Сотта Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың хаттары оқылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сотта 2023 жылдың 15 шілдесіндегі әңгімелер оқылды. Бишімбаев бұл хаттарды скриндеп алған.
Салтанат: Жақсы, бізге бірге болуды жазбаған екен, қош бол. Ренжімеймін, бірақ енді жақсы көрмеймін. Жүрегімнің жартысын жұлып, delete жасаймын. Моральдық жарымжан неме
Салтанат: Қазір есікті сындырамын, тұтқаны көтер.
Салтанат: Мен үшін көп нәрсе істедің. Киімдерім мен әшекейлерімді жинап, бәрін сен бергеніңді түсініп отырмын. Бәрі үшін рақмет. Бәрі осылай аяқталғаны өкінішті, бір-бірімізді бағалай алмадық.
Бишімбаев: мені де кешір, бәрі жақсы. Бәрі жақсы болады. Бір-бірімізге деген құрметті, достықты жоғалтпайық.
Салтанат: Біз кездескен кезде менде ештеңе жоқ еді.
Салтанат: Үйде жақсы, жаным жай тапты.
Бишімбаевтан аудиоқоңырау.
Салтанат: Сен Алматыда болған кезде осы жерде бола тұрайын. Қарсы емессің деп ойлаймын. Осы уақытта келіскеніміздей ойланып, дұрыс шешім қабылдайық. Бір апта айғай-шусыз демалып, тынышталғым келеді.
Бишімбаев: Жақсы
Еске салайық, 27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.
Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Сондай-ақ оның туысы Бақытжан Байжанов та күдікті ретінде қамауға алынды. Оған қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған. Нақтырақ айтсақ, 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу); 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).