Оның пікірінше бағдарлама аясында үй алуға берілетін қаражат тым мардымсыз. Алматы мен Нұр-Сұлтанда бұл сомаға тіпті бір бөлмелі пәтер де бұйырмайды. Бағдарлама көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін шешеді дегенмен, шынтуайында шикілігі көп. Жобада баспанаға мұхтаж азаматтардың талап-тілегі ескерілмеген, олардың сұранысына сай қаражат бөлінбеген.
"Бағдарлама аясында әрі кеткенде 15 миллион теңгенің үйін алуға болады. Өзге кей аймақтарда лимит 10 миллион теңге. Айтайын дегенім, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары бойынша бұл бағаға тек 1 бөлмелі пәтер ғана келеді. (Осыдан 2 жыл бұрын 2 бөлмелі де табуға болатын). Оның өзінде тапса...
Сонда деймін де, көпбалалы отбасыны қарасақ... Оларда кемі 4 баласы бар, әке-шешесі... 1 бөлмеде 6 адам қалай сыяды? Қалай тұрады?
Өзге категорияларды да қарасақ кемі 2-3 адам. Ана 35 жасқа дейінгі Алматы жастарына деп, тіпті жалғыз өзі жүрген жандарға лимит 18 миллионға өсті емес пе?! Ал "бақытты отбасы" бағдарламасы деп, 6 жан 1 бөлмеде тұрса. Оның өзінде 20 жыл ипотека төлесе. Олар өздерін бақытты отбасы сезіне ала ма екен?! Бақытты отбасы бойынша, берілетін лимитті өсіру керек, немесе атауын ауыстырыңыздар!", – дейді Дәулет Мұқаев.
Аталған мәселеге Отбасы банк басшыларының құлақ асуын сұраған сарапшы бұл бағдарлама аясында берілетін баспана сомасын көбейту керек! Сонда ғана жобаның аты, затына сай болады.
Айта кетелік "Бақытты отбасы" бағдарламасы сәуірде айында басталады. Бағдарламаға:
- Көпбалалы отбасылар;
- Толық емес отбасылар (ажырасқандарына 3 жылдан асу керек);
- Мүмкіндігі шектеулі баласы барлар (бала 18 жастан аспау керек) қатыса алады.