Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Бақытгүл Хаменованың Атырауда өткен тойға қатысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның сөзінше, егер сотталған адамға жазаны өтеуді кейінге қалдыру шарасы қолданылса, оған қоғамдық іс-шараларға баруға тыйым салынбайды.
"Хаменоваға үш жылға жазаны өтеуді кейінге қалдыру шарты берілген. Мұндай жағдайда мерекелер мен жиындарға қатысуға болады. Ол бұл жөнінде пробация қызметінен рұқсат алған", - деді Қойгелдиев Сенат дәлізінде.
