«Бақылау қырандары» қозғалысы референдумды ұйымдастырып, өткізу ісін оң бағалады

Жарбол Кентұлы 07 қаз. 2024 10:04 2093

«Бақылау қырандары» қозғалысы референдум аясындағы байқаушылық жұмысын аяқтады. Маңызды саяси шараға қозғалыс жетекшісі өз бағаларын берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Бақылау қырандары» жетекшісі Нұрболат Нышанбай өзінің Инстаграм парақшасында бұл саяси нақанға қандай дайындықпен келіп, қалай атқарғандарын қысқаша айтып жазба қалдырды.

– Осымен референдум да аяқталды. Жалпы алғанда оған қазірдің өзінде оң баға беруге болады.

Біз бір ай бойы жұмыс жасадық. «Бақылау қырандары» қозғалысын құрып, бақылаушыларды оқыттық. Бүгін бақылаушыларымыз 10 аймақта бақылаушылық атқарды.

Қазір қыз-жігіттердің бәрі учаскелерден шығып, үйлеріне қайтты. Түсінемін. Шаршады, шалдықты. Алайда азаматтық борыштарына адал болды. Барлығыңызға көп рахмет. Қолдаған жандарға, бақылаушыларға. Бәріне, бәріне алғыс! Осы мақсатты абыроймен атқардық деп сенемін.

Біздің жұмысқа қатысты ертең толық, нақты ақпарат беретін боламыз. Жариялап, қорытындылаймыз, – деді «Бақылау қырандары» қозғалысының жетекшісі Нұрболат Нышанбай.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар