Жанқош Тұраров даулы оқиғадан кейін атағынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылуы мүмкін.
34 жастағы боксшы бұған дейін 2023 жылы қазанда рингке шықты.
"IBO ережелері бойынша титулды жылына кемінде бір рет қорғау керек. Алайда 10 желтоқсанда қазақстандықтың кейінгі жекпе-жегі өткеніне тура бір жыл болады. Дереккөз мәліметінше, бұл Тұраровты чемпион атағынан айыруға себеп болады", - деп жазылған Vesti.kz ақпаратында.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров 28 қыркүйекте Алматыда рингке шығуы керек еді, бірақ оның венесуэлалық Хесуса Корреа Пинтоға (16-0, 16 КО) қарсы жекпе-жегі өткізілмеді.
21 тамызда Алматының Әуезов ауданы полиция басқармасына 1996 жылы туған қыз "өзін зорлағанын" айтып, арыз жазған еді. Кейін полиция қылмыстық іс қозғағанын растады, ал танымал боксшы Жанқош Тұраровтың өзі тағылған айыпты жоққа шығарды.
Артынша полиция іс тоқтатылғанын хабарлады.
"Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізілді, оның қорытындысы бойынша зорлау фактісі растамалды. 20 қазанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы түпкілікті шешім шықты.
Әуезов аудандық прокуратурасы бұл шешіммен келісті", - деді полиция.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров кәсіпқой рингте 2009 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол 28 жекпе-жек өткізіп, оның 20-сын нокаутпен жеңген.