Иә, дәл солай, балақтағы бит басқа шықты. Басқа шығарған өзіміз. Қазақтың той-томалағының гонорарына құныққан қайдағы бір Африка мен Кубаның әншісымақтары (тіпті әнші деуге аузымыз бармайды) қазақша ән айтып, әншілеріміздің табысына ортақтасып жатыр.
Басқаны былай қойып «Хабар» мен «Қазақстан» арналары солардың насихатшысына айналғаннан кейін не шара? Кеше «Бенефис шоу» бағдарламасында Саят Медеуовтың әнін айтқан африкандық желөкпелерді Қыдырәлі мен Қарақат жер көкке сиғызбай мақтады. Оның алдында бір телеарна диджей Умберто бастаған кубалық жігіттері үшін ойланбастан «алтын уақыттарын» құрбандыққа шалып жіберді. Бұдан кейін қалған телеарналар қарап қалсын ба? Оларда тұтас бір жобалар дайындап жатқан шығар?... Не болып барамыз? Осы той қазақтың түбіне жетпесе болғаны. Әншілеріміз әншейінде бір-бірімен «менің әнімді айтып қойдың» деп жаға жыртысқанда тым «законшыл» болып көрінуші еді. Енді қара зәңгілер әнін айтып, ырысына қол сұққанда неге үнсіз? Басқа-басқа Саяттың бұған мойынұсынуы тіпті ұят болды. Ол сол шоуда зәңгілермен ән айтудан бас тартқанда қандай кермет болар еді. Әлгі африкандық «қызу қанды» жігіттерді қазақтың өнері қызықтырмағаны анық. Бәрі қазақтың берекелі тойынан табыс тауып қалуға құмар. Абай айтпақшы «ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» деген кезең осы шығар?
Нұрлан ЖҰМАХАН