Баланың қауіпсіздігіне салғырт қараған ата-ана жауапқа тартылады. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Еркін Жанабіл мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, ата-аналар немесе заңды өкілдер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайда ата-аналарға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», – деді Еркін Жанабіл.