Балаларға сапалы білім: Integra 13 заманауи мектеп салды

Dalanews.kz 16 қыр. 2025 21:01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2023 жылы басталған "Келешек мектептері" ұлттық жобасы Қазақстандағы үш ауысымды оқыту және мектептегі орын тапшылығы мәселелерін шешудің маңызды қадамы болды. Екі жыл ішінде бағдарлама аясында Қазақстан бойынша заманауи білім беру кешендерінің ауқымды құрылысы жүзеге асып жатыр.

Integra Construction KZ компаниясы жобаның мердігерлерінің бірі болып, өз тиімділігін дәлелдеді. 2024 жылы Астана қаласында, Түркістан және Ақмола облыстарында, сондай-ақ, Тараз қаласында 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл білім ошақтары 12 мың оқушыға бір ауысымда білім алуға мүмкіндік беріп, сыныптардың шамадан тыс толуын азайтып, балаларға қауіпсіз әрі кең жағдай жасады.

Бүгінде Integra компаниясының қоржынында 13 мектеп бар, жалпы сыйымдылығы – 20 600 орын. 2025 жылдың соңына дейін Қызылорда мен Астанада тағы екі нысан ашылады. Бұл қосымша 3 500 оқушыны бір ауысымда халықаралық стандарттарға сай жабдықталған жаңа мектептерге орналастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа мектептердің басты ерекшелігі – олардың заманауи әрі ойластырылған инфрақұрылымы. Мұнда:

  • физика, химия, биология зертханалары,

  • робототехника, STEM және IT кабинеттері,

  • спорт залдары, кітапханалар, акт залдары,

  • кең асханалар бар.

Инклюзив білімге ерекше назар аударылған: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған кабинеттер, қозғалысы шектеулі топтар үшін арнайы аймақтар қарастырылған. Оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын заманауи күзет және техникалық жүйелер қамтамасыз етеді. Бұл - ғимарат қана емес, балалардың сапалы білім алып, үйлесімді дамуына барлық жағдай жасалған кеңістік.

"Мемлекет басшысы бастаған "Келешек мектептері" ұлттық жобасы Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуына жаңа серпін берді. Біз 13 мектеп салып, жыл соңына дейін тағы екі нысанды пайдалануға беретінімізді мақтан етеміз. Қысқа мерзімде сапаны жоғалтпай, заманауи мектептер салу – біздің басты жетістігіміз. Бүгінде бұл мектептер сыныптардың жүктемесін азайтып, балаларға жайлы білім алуға жағдай жасап отыр", - деді Integra қадағалау кеңесінің төрағасы Құдірет Шамиев.

"Келешек мектептері" жобасының жүзеге асуы – заманауи әрі сапалы мектептерді қысқа мерзімде салу мүмкін екенінің дәлелі. Мұндай білім ордалары еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды бөлігіне айналып, балаларға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар