Қазақстанға Ресейден жеткізілген 605 мың жұмыртқа кері қайтарылды

Қазақстанға Ресейден жеткізілген 605 мың жұмыртқа кері қайтарылды
ЖИ: Dalanews.kz

Ресейден Қазақстанға әкелінген 605 мың дана тауық жұмыртқасы ветеринариялық талаптарға сәйкес келмегендіктен кері қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Самара облысынан Қызылорда облысына бағыт алған екі жүк көлігі «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде тексерілген. Тексеру барысында жұмыртқалардың сыртқы қаптамасында міндетті таңбалау жапсырмалары болмағаны анықталды. Осы заңбұзушылыққа байланысты жүк тиелген екі көлік Ресейге кері жіберілді.

Сонымен қатар жүргізушілерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.