Балалар үшін қауіпті кітаптар мен топтардың тізімі жария болды

Көркем Алдабергенова 27 қыр. 2024 11:11 315

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалар үшін қауіпті кітаптар мен әлеуметтік желідегі топтардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті барлық мектеп чаттарына әлеуметтік желілердегі қауіпті топтар мен қауіпті кітаптардың тізімін және назар аударуды қажет ететін белгілерді, сондай-ақ баланы қайтымсыз салдарға әкелетін әртүрлі қауіп-қатерлерден қорғау үшін көмек сұрауға болатын қызметтердің байланыс нөмірлерін қамтитын жадынама жіберілген.

"Сонымен қатар, балаңызбен олар қауіпсіздік сабақтарында қарастырған тақырыптарды талқылау пайдалы болады. Не есінде қалғанын, не үйренгенін, қандай жедел қызметтер мен сенім телефондарының нөмірлерін білетінін және түрлі жағдайларда өз өмірін қалай қауіпсіздендіруі керектігін сұрап отыру маңызды", - дейді Зәкиева.

Зәкиева балалардың қауіпсіздігін үйден бастап (терезелерге блокиратор орнату, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау), оларға ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қандай жағдайлардан аулақ болу керектігіне, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерге дейін түсіндіру арқылы қамтамасыз ету керегін айтады.

Сонымен, Динара Зәкиеваның сөзінше,балаңыздың әлеуметтік желіде мына топтарға кірмеуін қадағалаңыз: 

Синий кит,Тихий дом, Разбуди меня в 4.20, Млечный путь, Море китов, U19, F57, беги или умри, Киты плывут вверх, f58, Рина, Ня.пока, 50 дней до моего.., Красный дельфин, Союз нерных клеток, Honey moon, Союз Ян. 

Одан бөлек, балалардың мына кітаптарды оқымағаны жөн: 

Цветы пиона на снегу, Сплетни и К-РОР, Пока не погаснет последний фонарь, Единственный конец злодейки - смерть, Начало после конца, Хаски и его учитель белый кот, Магистр дьявольского культа, Злодейский путь жэне т. б.

Балалар үшін қауіпті онлайн ойындар: Schoolboy runaway - stealth, GachaLife және тағы басқалары. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар