Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Dalanews.kz
Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу балалар мен жасөспірімдер спортының материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттырады. Мәселен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Қазіргі сметалық қаржыландыру кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 233 мың теңге болады.
Айта кетейік, қазір Туризм және спорт министрлігі - сметалық қаржыландыру жүйесін қолданып отырған жалғыз мемлекеттік орган. Осыған байланысты саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне ауыспақ.
Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Бұл шығындар республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен қолдау тапқан, ал қажет қаражат жергілікті бюджеттер есебінен бөлінеді.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді.
