"Балабақша мен мектептерде балаларға улы газ шашады". Ақпарат елді шошытты

Dalanews 13 там. 2021 12:03 952

Telegram-да пайдаланушылар ағымдағы жылдың қараша айында балалар жаппай ауыра бастайды, оған мектептер мен балабақшаларда азот оксиді мен бериллий шашу себеп болады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақпаратта бұл ата-аналарды балаларды КВИ-ге қарсы екпе салу ға мәжбүрлеу үшін жасалып жатқаны айтылған.

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

“Бұл фейк ақпарат. Қазіргі уақытта мектептерде КВИ таратпау бойынша барлық шаралар қабылданды, 379 540 педагог пен мектеп қызметкерлері вакцинацияланды. Бұл барлық орта білім беру қызметкерлерінің 96%-ы. Оқушылар арасында КВИ таралуына жол бермеу бойынша шаралар алгоритмі әзірленді”, – деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.



Сонымен қатар, Байтанаев жалған ақпарат таратушылар ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды. Бұл бап бойынша 3 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі жауапкершілік, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Оқу орындарында балаларды газдармен улайтыны туралы хабарламалар ойдан шығарылған. ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар мен ересектерді COVID-19-дан қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар