Бала өлтіргендер не зорлағандар өмір бойына сотталады

Сағыныш Сардарова 21 ақп. 2024 14:58 2872

Бала өлтіргендер не зорлағандар өмір бойына сотталады. Мәжілісте депутаттар осындай заң жобаларын мақұладады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Заң жобаларына зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның ар-намысын қорлауға жол бермеу үшін бірқатар норма енгізіледі:

Біріншіден, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК дейін айыппұл түріндегі жаза не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу; үрып-соққаны үшін 80 АЕК-ке дейін айыппұл не 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу.

Екіншіден, кәмелетке толмаған не дәрменсіз күйдегі адамды азаптау, денсаулығына ауыр және орташа зиян келтіргені үшін жазаның "бас бостандығын шектеу" балама түрі алынып тасталып, тек бас бостандығынан айыру; баланы өлтіргені немесе педофилия үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Үшіншіден, кәмелетке толмағандарға қатысты немесе отбасында әкімшілік, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамдардың мінез-құлқына ерекше талаптар қолданылады. Сот шешімі бойынша олардан медициналық ұйымдардан психологиялық көмек талап етілуі мүмкін. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар