“Бәйтерек” басшылығына бір жылда 440 млн теңгеден астам қаржы төленген

“Бәйтерек” басшылығына бір жылда 440 млн теңгеден астам қаржы төленген
Фото: ЖИ

2025 жылы "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басқарма төрағасы мен басқарма мүшелеріне жалпы 440,4 млн теңге төленген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Холдинг басқармасының құрамында жеті адам болған. Осыған сүйенген есеп бойынша, әр басшыға орта есеппен жылына шамамен 62,9 млн теңгеден, яғни айына шартты түрде 5,24 млн теңгеден келеді.

Алайда бұл соманы басшылардың ай сайынғы жалақысы деп қарастыруға болмайды. 440,4 млн теңгеге еңбекақыдан бөлек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша берілген сыйақы және мемлекеттік мерекеге орай төленген сыйлықақы да кірген.

Көрсетілген сома салықтар мен өзге де міндетті төлемдер ұсталмай тұрып есептелген.

Холдинг әр басшының нақты қанша табыс тапқанын және жекелеген сыйлықақылардың көлемін жарияламаған.