Азық-түлік бағасын себепсіз көтергендер айыппұл арқалады

Сағыныш Сардарова 18 қар. 2025 16:26

Әлеуметтік тауарлар бағасын негізсіз көтерген сатушыларға 50,8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сауда және интеграция министрлігі мәліметінше, мәселен Батыс Қазақстан облысында "Жұлдыз" жеке кәсіпкерлігі "Илецкая" тұзын келісін 55 теңгеден сатып алып, 90 теңгеден сатқан. Сауда үстемесі - 63,6 пайыз.

"Ұлытау облысында жеке кәсіпкер "Шедевр" күнбағыс майын (1 л) 1100 теңгеден сатқан, сауда үстемесі 22,22 пайызға жеткен. Қостанай облысында жеке кәсіпкер пияздың келісін 150 теңгеден сатқан, сауда үстемесі - 50 пайыз", - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Бұл деректер бойынша кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар