Қалада бағаны ұстап тұру бойынша негізгі қолданыстағы механизмі – «айналым сызбасы» бойынша жеңілдетілген қарыздар беру. Аталған механизм шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері өнімге қойылған шекті бағаларды бекіту ретінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) іске асыру бойынша өздеріне күрделі міндеттемелер алады, бұл ретте,қарыздар бойынша бөлінген ақшаларды әріптестер қала бюджетіне қайтарады.
ӘМАТ-қа өнімнің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 19 түрі жатады – 1 сұрыпты ұн, қарақұмық, күріш.рожки.күнбағыс майы және сары май, құс еті, сиыр еті, сүт, айран, ірімшік, 1 санатты жұмыртқа, қант, тұз, нан, картоп. Пияз, қырыққабат, сәбіз.
«Айналым сызбасының» шеңберінде қарыздар берілді, соның нәтижесінде ӘМАТ-тың 60 мың тоннадан астам көлемде 19 позициясы бойынша бағалары ұсталып тұр, бұл қала бойынша бағаны 35%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Магнум желісінің 54 сауда орны, Тоймарт сауда желісінің 14 сауда орны, Асыл еттің 5 дүкені қамтылды.
Сонымен қатар, берілген «айналым сызбасы» тамақ өнеркәсібі өнімдерінің сату бағаларын бекітуге мүмкіндік берді.
- «Asyl Meat» ЖШС 2022 жылдың 1 маусымына дейін 5 фирмалық дүкенде бір келісі үшін 2050 теңгеден бекітілген баға бойынша сиыр етін (жауырын-төс бөлігі) сатады.
- «Алсад Казахстан» ЖШС «Магнум», «Смолл» және «Тоймарт» сауда желілері арқылы сөрелерде 10 данасы 440 теңге болып бекітілген баға бойынша 1 санатты тауық жұмыртқасын сатуды жүзеге асырады. 1 санатты жұмыртқаның бағасы статистика бағасынан 8%-ға төмен (орташа баға – он данасы үшін 479 теңге).
Халық үшін қол жетімді бағамен ӘМАТ-тың атауларының ұсынымын арттыру үшін қаланың 7 негізгі базарында (Көк базар, Жаңа Ақбұлақ (көтерме базар), Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түрксіб жәрмеңкесі) әлеуметтік дүкендер ашылды, онда төмендетілген бағамен ӘМАТ-тың 10 атауы (картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат, қант, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, күріш, рожки, ұн) сатылады, бұл сауда жасаушылар арасында бәсекелік ортаны құрайды.
Сондай-ақ, «Ет дүкендері» жобасы іске қосылды, онда қол жетімді бағамен сиыр етін және қой етін сату жүзеге асырылады, бағаны тұрақтандыру бір келісі үшін 2050 теңгеде сиыр етінің жауырын-төс бөлігі бойынша ұйымдастырылған. Аталған сәтте, «Жұлдыз», «Түрксіб» базарларында екі сату орны жұмыс істейді. Қаланың 7 ірі базарында «Ет дүкендерін» ашу жолымен жобаны кеңейту жоспарланып отыр.
Қала азық-түлік нарығында жағдайды жақсарту үшін тұрақты түрде жаңа шешімдер іздестіруде.