Әзербайжан Украинаға газ жеткізе бастады

Әзербайжан Украинаға газ жеткізе бастады
gov.kz

Украина Әзербайжаннан газ ала бастады. Бұл жөнінде "Нафтогаз" компаниясының басқарма төрағасы Сергей Корецкий әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, газ жеткізу Трансбалқан дәлізі арқылы, нақтырақ айтқанда Болгария – Румыния – Украина шекаралары бағытында сынақ режимінде жүзеге асып жатыр.

"Бұл – шағын болса да, стратегиялық маңызы бар қадам. Ол болашақта ұзақ мерзімді серіктестікке негіз қалап, газ жеткізу бағыттарын әртараптандыруға және Украинаның энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді", – деп жазды Корецкий Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Әзербайжан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас ушығып тұрған кезеңде Баку Киевке газ жеткізуді бастап отыр.