Әзербайжан билігі "Россия сегодня" медиатобының құрамына кіретін ресейлік Sputnik ақпарат агенттігінің филиалы таратылғанын растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Report агенттігіне елдің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айхан Гаджизаде хабарлады.
Оның айтуынша, медиатопқа Әзербайжанда тек бір ғана тілші үшін аккредитация алу мүмкіндігі беріледі. Бұл шешім ресейлік тараптағы әзербайжандық Azertag агенттігінің тілшілер санына сәйкестендірілген.
Бұған дейін Caliber басылымы жалғыз қызметкері Әзербайжан Республикасының заңдары мен екі ел үкіметтері арасындағы 2001 жылғы 9 қаңтардағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мәртебесі туралы келісім негізінде жұмыс істейтінін хабарлаған болатын.