Әзербайжанда Қазақстан үшін контейнерлік кемелер дайындамақ

Әзербайжанда Қазақстан үшін контейнерлік кемелер дайындамақ
ЖИ: Dalanews.kz

Әзербайжанда Қазақстан үшін салынатын жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Баку кеме жасау зауытында сыйымдылығы 780 TEU болатын алғашқы мамандандырылған контейнерлік кеменің килін қалау рәсімі өтті. Жоба шетелдік серіктеспен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Министрлік мәліметінше, 2027 жылдың соңына дейін Каспий теңізінде контейнерлік жүк тасымалына арналған екі заманауи контейнерлік кемені пайдалануға беру жоспарланған.

Ведомство жаңа кемелер теңіз арқылы контейнерлік тасымал көлемін арттырып, логистикалық тиімділікті күшейтуге және Транскаспий халықаралық көлік бағыты – Орта дәліз бойындағы Қазақстанның рөлін нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар екі құрғақ жүк кемесін салу жөніндегі келісімге де қол қойылған. Қазіргі уақытта олардың жобалық шешімдері әзірленіп жатыр.

Жоспар бойынша, құрғақ жүк тасымалдайтын кемелерді тапсыру 2028 жылға белгіленген.