Айталы айта берсін, мен өз пікірімде қаламын

Dalanews 26 мам. 2017 04:58 814

Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы бастама көтерген мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов әлі де өз пікірінде екенін айтты.

Депутат Астанаға президент есімінің берілуі орынды деп жүр.
«Кім не айтса да Астанаға қатысты мен өз пікірімде қаламын. Өйткені, ел Астананың тарихын білу керек»,

— дейді депутат Қуаныш Сұлтанов.

Қоғам қайраткері Амангелді Айталы депутат мақтауының мәдениетсіз табыну екенін айтып, сынауды білмейтін адамдардың мақтауға да хақысы жоқ деп сынап тастаған болатын.

Қуаныш Сұлтанов бұл пікірлерді өзіне жасалған қиянат санайды.
«Мен ол Амангелдінің пікіріне ештеңе де айтпаймын. Айтатын әңгімені сол кісіден сұраңыз. Оның сөздері маған жасалған үлкен қиянат»,

— дейді Сұлтанов.

Депутат бұл жағдай көңіліне келсе де, сотқа жүгінбейтінін айтты.

Дереккөз: nur.kz 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар