Әйгілі The Kills дуэті Алматыда: билеттер сатылымға шықты

Dalanews 21 қаң. 2026 15:49

Әлемге танымал The Kills дуэті биыл Алматыда өтетін Park Live Almaty фестивалінде өнер көрсетеді. Музыкалық шара 21–23 тамыз аралығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

The Kills - минималистік пост-панк стилімен танылған дуэт. Топтың шығармашылығы электро және акустикалық гитараның үйлесімі, драм-машинаның ырғақты үні мен әсерлі вокалға негізделген. Америкалық вокалист Элисон Моссхарт пен британдық гитарист Джейми Хинстен құралған ұжым тыңдарманын алғашқы ноталардан-ақ баурап алатын орындау мәнерімен ерекшеленеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, The Kills-тің Алматыға келуі Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін маңызды мәдени оқиға болмақ.

 “Алматы аймақтың фестиваль орталығына айналып келеді. Мақсатымыз –  Қазақстанға "үлкен музыканы" көбірек тарту. Былтыр біздің фестивальге 40 мыңнан астам адам қатысты”,- дейді  Park Live Almaty ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, фестиваль аясында The Kills-пен қатар, әлемдік музыка сахнасындағы танымал әртістер Jack White және Gorillaz, сондай-ақ қазақстандық музыканттар да өнер көрсетеді.

Park Live Almaty фестивалі әртүрлі музыкалық бағыттағы орындаушыларды бір сахнада тоғыстырып, көрерменге халықаралық деңгейдегі концерттік бағдарлама ұсынуды көздейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove