Семей қаласында Владимир Лениннің ескерткішін демонтаждау жұмыстары басталды. Бұл туралы 10 қараша күні әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Видеода ескерткіштің басы жоқ екені көрінеді. Жазба авторының айтуынша, мүсінді алып тастау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ескерткіш Жамақаев көшесіндегі аллеяда орналасқан. Жергілікті БАҚ мәліметінше, бұл – Семейде сақталған Лениннің соңғы мүсіндік ескерткіші.
Сонымен қатар Шайжүнісов көшесіндегі зиратқа қарама-қарсы жерде кафель плиткаларынан жасалған Ленин бейнесі де бар.