Айдос Садықовқа қастандық жасаған Жақанбаевқа қатысты тың дерек пайда болды

Көркем Алдабергенова 17 қыр. 2024 15:31 3317

Журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деген Алтай Жақанбаевқа қатысты инсайдерлік ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

"Республика" медиасының инсайдерлік ақпаратына сәйкес, журналиске қастандық жасады деген Жақанбаевқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында VIP жағдай жасалған. 

"Оған бар жағдай жасалған. Оның үстіне оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатқан жоқ, жүргізілмеген де...  Ал журналисті өлтірді деген ең басты күдікті Мейрам Қаратаев бастапқыда Алтай Жақанбаевпен бірге Түркияға ұшып кеткен. Қазір ол басқа адамның атын жамылып, сол жерде тығылып жүрген болуы мүмкін. Бірақ біздің дереккөздердің мәліметінше, ол өліп қалған болуы да мүмкін", - дейді "Республика" инсайдерлері. 

Қаратаевты өлтірген адамға қатысты екі түрлі болжам бар екен. 

"Бірінші болжам бойынша ол - Айдос Садықовты өлтіру бойынша арнайы операцияны ұйымдастырғандардың адамы, ал екіншіден, Қаратаевты өлтірген Жақанбаевтың өзі болуы мүмкін. Біздің болжам бойынша, бірінші нұсқа рас болуы мүмкін. Алтай Жақанбаевтың да өліп кету қаупі бар еді, алайда ол елге келіп, өзі беріліп, аман қалған", - дейді "Республикадағылар".  

Еске салайық,18 маусымда Киевте "БАСЕ" басылымының басшысы Айдос Садықовқа қастандық жасалған болатын.

2 шілдеде Киевте қазақстандық жасалған журналист Садықов қайтыс болған еді. 

Айдос Садықов Украинада ресми босқын мәртебесін алған. Ал 2023 жылдың қазан айында Садықовқа Қазақстанда "әлеуметтік, ұлттық, рулық, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны" үшін іздеу жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар