Елордада қала күніне байланысты ұйымдастырылған "Бағаналы ордам, басты ордам" атты ақындар айтысы өтті.
Осынау сөзсайыста айтыскер ақын Айбек Қалиев қазіргі күні қоғамда кеңінен талқыланып жатқан Жер кодексіне қатысты мәселелерді бүкпесіз жеткізіп көрерменнің қошеметіне бөленді.
...Жерімнің астын-үстін бәрін сатып,
Кезінде Құдайды да танымадық.
Шетелге шырылдатып жетім саттық,
Жұртта жоқ азғындықты қабыл алып,
деді Айбек Қалиев.
Ақынның жер дауысына қатысты жанайқайының толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыз. Видео Арғымақ.кз порталынан алынды.
https://www.youtube.com/watch?v=BL1xjpd48JE