Кеше кешке қаладағы жылу құбырында апат болып, екі ықшамауданда жылыту жүйесі толық өшкен, деп хабарлайды Dala News.
Өңірде дауылды ескерту жарияланған. Таңертең ауа температурасы минус 21 градусқа дейін төмендеді.
Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтің айтуынша, ақау 1970-жылдардан бері жөндеу көрмеген жылу трассасының учаскесінде болған.
– Зақым жылу желісінің ескі бөлігінде тіркелді. Қазір апаттық бригадалар мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр, – деді қала әкімі.
Әкімдіктің мәліметінше, түске қарай апат салдары жойылған. Алайда жылудың үйлерге нақты қашан жететіні әзірге белгісіз.
Тұрғындар суық пәтерлерде қалжырап, жағдайдың қашан тұрақталатынын күтуде.
