Аялдамада ұрлап кетпек болған: Таразда 13 жастағы қызды құтқарып қалған ер адам марапатталды

Сағыныш Сардарова 19 ақп. 2026 12:26

Таразда 13 жастағы қызды құтқарған ер адам марапатталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінде Тараз қаласының тұрғыны Нұркен Омаровты марапаттау рәсімі өтті. Бұған дейін облыс орталығында екі белгісіз адам қоғамдық көлік аялдамасында тұрған қыз баланы көлікпен алып кетпек болған. Осы кезде жағдайға бей-жай қарамаған азамат дер кезінде араласқан.

Күдіктілер шұғыл түрде анықталып, ұсталған. Соталды тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жамбыл облысы ПД бастығы Қайсар Сұлтанбаев өңір тұрғынына ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, сондай-ақ, жеке өзінің атынан шынайы алғысын білдірді.

"Кейде ерлік лауазыммен де, формамен де өлшенбейді. Ол қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдап, көмекке келе алудан көрінеді. Сіздің жедел әрекетіңіздің арқасында жасөспірімнің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тыныштығына қосылған үлес", - деді ПД бастығы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove