Ұлттық киімдер дүниеге келген 5 сәбидің ауруханадан шығу рәсіміне орай табысталды.
– Екінші баламды осы Аягөз аудандық орталық ауруханасында дүиеге әкелдім. Бүгін перзентханадан шығу кезінде дәрігерлердің өздері ұлттық киім киіп, балаларымызға да қазақтың ұлттық нақышта безендірілген киімдерін сыйға тартты. Ерекше әсер алып, өте қуанып қалдық, – дейді Үржар ауданынан келген ана Сарсенғали Саяжан.
Айта кету керек, ауданда ұлттық салтымыз мен дәстүрімізді дәріптеуге арналған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Сәбилерге арналған ұлттық киімдерді сыйға тарту кезінде барлық санитарлық талаптар сақталды.