АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Proportunity Management Company Limited компаниясының FinTech Lab лицензиясының қолданыс мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеде аяқталғанын ескертті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Proportunity Management Company Limited компаниясының АХҚО-да тіркелген мекенжайы бар. Алайда компанияның өзінің қаржылық қызметтерін, соның ішінде исламдық банктік бизнес пен исламдық қаржыландыруға қатысты қызметтер мен өнімдерді халыққа ұсынуға немесе ілгерілетуге AFSA-ның лицензиясы жоқ", делінген хабарламада.
Комитеттің бұл бірінші ескертуі емес екен. Алайда лицензиясының күші жойылған компанияға құзырлы ведомствоның қайта-қайта ескерту жасаумен шектеліп отыруы түсініксіз. Бұл туралы қандай да бір түсініктемені кездестірмедік.
Ал Proportunity Management Company Limited сайтында компанияның жылжымайтын мүлікке инвестиция салу үшін қаржы тартатыны, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 18 пайызды құрайтын "халал депозиттер" бойынша қызмет көрсететіні туралы ақпарат бар.