Ахметов ақиқаты

Dalanews 29 нау. 2015 05:33 816

Әкімдер үш топқа бөлінеді: бірінші топ – жарытып ештеңе істемесе де, орнында ұзақ отыратындар – бұлардың қай облысты қай жылдары басқарғанын тек ақпараттық архивтерден немесе өмірбаяндық қалың кітаптардан, қазіргі күні «Уикипедия» сайтынан табасыз; екінші топ – бұлар көп отырмауы мүмкін, алайда істегенінен айтқаны, айтқанынан айта алмай қалғаны көп, азсанды шоғыр – бұлар әрбір ісін жарнамалауға құмар; баспасөзден түспейді, ақпараттық менеджерлері айналасын қоршаған; қайда жүрсе де саусылдатып бір топ журналист ертіп алады, олар әрбір сөзін, ісін хатқа түсіреді, елге де сүйкімді, билікке де ұнамды; үшінші топ – айтпайды, істейді! Істегенін айтып жатуды да жаны сүймейді. Нағыз әкім деуге лайық істің адамы. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов соңғы  топтың өкілі. Бұл санаттағы әкімдер аз, тым аз...   

 

 

Баспалдақ... тәуелсіздік мектебі

Тәуелсіздік алған жылдары Солтүстік өңірі «орманға қарап» ұлығанын үдете түскенін барша жұрт біледі. Орысы басым өлкелердегі саяси-экономикалық жағдайға алаңдаған жұртшылық көп еді. Осы тұстарда Солтүстікке ісі мығым, жүрісі тың басшылар керек болды. Даниал Ахметов Екібастұз ауданының әкімі болып тұрған кезінде ең алдымен ауданның қазақылануына баса мән беріп, Тәуелсіздік кезіндегі тұңғыш мектептің іргетасын қалап, өз баласын сол мектепте оқытқанын біреу білер, біреу білмес. Мұндай батыл қадамға бару ол шақ үшін айрықша ерлік саналғанын мойындауға тиіспіз. Орыстанған ортада қазақ орта мектебін ашқанын жергілікті қазақы орта қуана қабылдағанымен, өктем сөйлеуді әдетке айналдырған шоғыр түрлі әңгіме таратып, оны аяқтан шалуға, ұлтшыл етіп көрсетуге тырысқаны сарғайған газет тігінділерінде сақтаулы. Әсіресе, орыс басылымдары Ахметовтың бұл жұмысына «бата» бере қоймады, өзінің баласын қазақ мектебіне бергенін келеке еткендер де табылды. Даниал мырза бұл жұмысын одан ары жалғастыра түсті.

LLLLБіреулер Солтүстіктің сірескен сеңі әлі бұзылған жоқ деп жар салып жатады. Шын мәнінде, Ахметов Павлодар көшелерінің қазақылануына, мектептердің ашылуына, облыстың театрдың жаңа ғимаратқа көшуіне бірден бір ұйтқы болғанын көп адам айта бермейді. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған кезінде де ол осы ісін алаулатып-жалаулатып жатпай-ақ жалғастырып, талай күрделі мәселелердің басын қайырды. Бұл туралы сол өлкенің тұрғындары сағынышпен айтады. Бізге жеткен хаттардың өзегіне үңілсеңіз, өңір жұртшылығы әлікүнге дейін Даниалды қатты құрметтейтінін байқайсыз. Әр саланың мамандары өтпелі кезеңдегі білгір басшының арқасында өңірдің дамуы тұрақты болғанын айтып, «Даниал өзі туған өңір үшін өлшеусіз үлес қосты» деген лепестерін жеткізеді.
Тәуелсіздік алған жылдары Солтүстік өңірі «орманға қарап» ұлығанын үдете түскенін барша жұрт біледі. Осы тұстарда Солтүстікке ісі мығым, жүрісі тың басшылар керек болды. Даниал Ахметов Екібастұз ауданының әкімі болып тұрған кезінде ең алдымен ауданның қазақылануына баса мән беріп, Тәуелсіздік кезіндегі тұңғыш мектептің іргетасын қалап, өз баласын сол мектепте оқытқанын біреу білер, біреу білмес.

Саты... алғашқы көш

Газетке жазған хаттың бірінде 1992 жылы қақаған қыста Моңғолия қазақтарын Даниал Ахметовтың тікелей тапсырмасымен машина жіберіп, Екібастұзға көшіріп әкелгені баяндалған. Олар Өлеңті, Сарықамыс, Бәйет секілді бірнеше ауылға қоныстанып, барлық шарт-жағдайға ие болғанын, балалары оқып, өздері тұрақты жұмыспен қамтылғанын айрықша ілтипатпен баяндапты. Сол көшті өзі қарсы алып, әрбір отбасыға ерулік үлестіріп, қазақы жол-жосынмен жұмыс істегенін көшіп келген отбасылардың өздері айтады. Бұл қандастарды жергілікті жұрт «Ахметовтың оралмандары» деп атайтын көрінеді. «Егер Ахметов ауылымызға келсе, біз ол кісінің алдына кілем төсеп қарсы алар едік. Себебі, бізге дәл сол кісідей көмек көрсеткен жан кемде-кем. Орыстілді ортаны қазақыландыру үшін бізді арнайы әкелгенін біз кейінтін түсіндік. Қазір осы өлкенің жергілікті тұрғыны құсап кеттік. Өстік, өркендедік» деп шүкіршілік айтатын қариялар, Ахметовтың аты естілсе болды құлақтарын түріп, тілеуін тілейді екен. Бұдан бөлек, Өзбекстаннан да арнайы көш алдырып, Павлодарға орналастырғаны және бар. Үкімет қазақ көші Солтүстік облыстарға қанат жаюы керек деген бастаманы енді-енді көтере бастаса, Ахметов әлдеқашан оны жүзеге асырған басшының бірі екенін ұмытпаған абзал.Д.Ахметов.03 3 Бет

Ахметовтың үнемі саяси жағдайы қиын өңірлерді басқаруының бір себебі, оның халықпен етене жұмыс істейтін елгезектігінен болса керек. Егер Ахметов қарапайым жұртшылықпен қоян-қолтық араласып, олардың жай-күйіне жіті көңіл бөлмеген болса, бүгінгі ыстық лебізді естімеген болар еді. Егер Ахметов Солтүстікті қазақыландыруға жұмыс істемеген болса, онда ол ашқан қазақ мектептері, көшелерге қазақ тұлғаларының аттары беріліп, орысы көп, қазағы аз ауылдарда мешіттер салынып, кітапханада отырған Ж. Аймауытов атындағы қазақ драма театры Металлургтер сарайына бір күнде көшіп бармас та еді. Өкініштісі сол, Д.Ахметовтың батыл қадамын кейінгі облыс басшылары оңды жүргізе алмады.

 

Өрлеу... саяси сарын

Даниал Ахметов жайлы білгісі келген адам оның өмірбаянына бір сәт үңілгені жөн: Павлодарда туған, сонда индустриалды институтты бітіріп, инженер-құрылысшы мамандығын үздік бітірген. Одан ары «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер, аға прораб болып жұмыс істеген. Дәл осы кезеңнен кейін партиялық қызметтерде, жергілікті билік салаларында ысылған. Аудан және қалалық комитеттерде, әкімшілік басшылығында жауапты қызметтер атқарды, кейін облыс әкімі болып сайланды. Павлодар облысын екі рет басқарды. Солтүстік Қазақстан облысының да әкімі болды. Міне, осы жылдар ішінде ол Президент Назарбаевтың көзіне түсті. Жылпостығымен, пысықтығымен емес, іскерлігімен, біртоға мінезімен, өзі барған жерді гүлдендіре білген жауапкершілігімен көтерілді. 1999 жылы Премьер-министрдің орынбасары, бірінші орынбасары болып сатылап жоғарылай берді. 2001 жылғы саяси бұлғақ кезінде, әйгілі Ғ.Жақияновтар мен Әблязовтар ісі тұтанған шақта Солтүстік аймақтарда халық толқулы болды. Жақиянов билікке не себепті жақпағаны түсінікті, ал оның орнына әкім болу қиын еді. Өйткені, Павлодар жұртшылығы Ғ.Жақияновқа сенгені сонша, істеген әрбір ісін аңызға айналдырып үлгерген. Мұндай сәтте ол орынға тек жүрегі дауалағандар ғана әкім болып барар еді. Билік Ахметовты құп көрді. Мұндай шешімге сол өлкенің тумасы болғаны үшін келген жоқ, бұдан бұрын осы өлкенің тізгінін ұстаған, қыр-сырын жақсы білетін, облыс тұрғындары алдында сенімі болғаны үшін, ол ғана емес, таңғы сағат сегізде жұмысқа келіп, түнгі онсыз үйіне қайтпайтын еңбекшілдігі үшін, ең бастысы, дауылды-жауынды саяси ахуалдарға селт ете қоймайтын салмақты сабырлылығы үшін ең оңтайлы адам ретінде таңдағаны белгілі. Ахметов бұл қызметті абыроймен атқарды. Н.Назарбаев артқан жүкті бұлталақтамай көтерді. Солтүстіктің «қызуы» басылып, бұрынғы қалпына қайта түсті.

 

Самғау...  елдің дамуы

Қазақстан экономикасы ең дамыған тұс қай жылдар екенін білесіз бе? Ол жылдары бүкіл Республика бойынша өндіріс, ауыл шаруашылығы,  құрылыс, жол секілді ел үшін аса маңызды салалар екпінді дамығанын бүгінгі тығырыққа тіреліп, дағдарыстың қыспағында отырған біздер енді түсініп отырмыз. Бұл жылдары 2003-2007 жылдар аралығы еді. Дәл осы жылдары Даниал Ахметов Премьер-Министр болып қызмет етті. Бұған түрлі жорамал айтудың қажеті жоқ, ол кезде әлемдік дағдарыс болмады деп ақылмансу да жөн емес, Даниал Ахметов Үкіметбасы болған жылдары елдің де, мемлекеттің де еңсесі көтеріліп, қарапайым халықтың жайбарақат ғұмыр кешкенін ешкім жоққа шығармайды. Бар-жоғы 4 жылға жетер-жетпес уақыт ішінде ІЖӨ 7-8 пайыздан тұрақты өсіпті. Инвестиция көбейіп, елдің халықаралық деңгейде беделі өскенін, ауыл тұрғындарының жағдайы түзеліп, қалалы жерлерде жаңа инфрақұрылымдар ілкімді жүргізілгеніне ел куә. Оның шетелдегі әл-Фараби, Бейбарыс кесенелерін жедел жөндетуге қаржы бөлдіріп, рухани салаға айрықша мән бергенін жұртшылық ұмытқан жоқ.
Даниал Ахметов Үкіметбасы болған жылдары елдің де, мемлекеттің де еңсесі көтеріліп, қарапайым халықтың жайбарақат ғұмыр кешкенін ешкім жоққа шығармайды. Бар-жоғы 4 жылға жетер-жетпес уақыт ішінде ІЖӨ 7-8 пайыздан тұрақты өсіпті. Инвестиция көбейіп, елдің халықаралық деңгейде беделі өскенін, ауыл тұрғындарының жағдайы түзеліп, қалалы жерлерде жаңа инфрақұрылымдар ілкімді жүргізілгеніне ел куә. Оның шетелдегі әл-Фараби, Бейбарыс кесенелерін жедел жөндетуге қаржы бөлдіріп, рухани салаға айрықша мән бергенін жұртшылық ұмытқан жоқ.

Бұдан бөлек дәл осы кезеңде Ахметов сонау Екібастұзда бастаған игі істерін мемлекеттік дәрежеде жүргізді. Айталық, елге оралған қандастардың 40 пайызы дәл Ахметов Үкіметті басқарып тұрған кезеңде елге оралды! Содан кейін қазақ көшінің басынан түрлі ауыртпалықтар өткенін қазіргі баспасөзді ақтарсаңыздар, білесіздер. Шетелдегі қазақтардың азаматтық алуы, тұрақты тіркеуге тұруы, елге келіп оқуы жеңілдеп, ағайынмен ағайын қауышып, мәре-сәре болған жылдар қайта орала ма? Бұл жағын дәп басып айту қиын...

 

Серпілу... қайта тұру

Ия, Ахметов атқарған істерді тізбелей берсек, мұнымен шектелмейді. Біраз жыл билік сапынан жырақта жүрген білікті басшының Шығыс Қазақстан облысының тізгінін ұстауы – жұрттың көңілін серпілтті. Өсек пен алыпқашпа сөзге үйір кейбір топ оның әрбір ісінен ілік іздесе де, шаужайына жармасса да, сабырлы қалпынан таймай, өнімді еңбегін бастап кетті. Бұған өңір жұртшылығының көзі енді жетер... Шығыс аймақ екі елмен шектесетін, экономикасы да, әлеуметтік жағдайы да күрделі өңірдің бірі. Шығысымыз қазақыланса, өркендесе, шекарамыз дамыса, бойымыз тіктеліп, айбарымыз арта түспек. Ахметов ел ісіне қайта оралды. Ол әлі-ақ Шығыс аймағының бақ жұлдызын жандырады. Оның сенімді серіктері, сертке берік командасы өңір экономикасын алға сүйрейтіні күмәнсіз.

Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар