Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежад мемлекет басшысын сайлауға үміткер бола алмады. Бұл туралы ирандық ақпарат құралдары хабарлады.
2005-2013 жылдары президент болған Ахмадинежад 19 мамырда өтетін президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелді. Дегенмен ол Иранның Сайлаулар өткізу жөніндегі штабы жариялаған үміткерлер тізіміне енбей қалды.
Ахмадинежад сыртқы саясатта консервативтік ұстанымымен көзге түсті, ол Буш әкімшілігін қатаң сынға алды, Иранның Ресеймен және араб елдерімен байланысын күшейтуді жақтады. Бұған қоса ол Израиль әрекеттерін сынаумен болды. Ахмадинежад - Холокосты жоққа шығарушылардың бірі.
Бұған дейін аятолла Әли Хаменей бұрынғы президент Ахмадинежадтың сайлауға қатысуына қарсы шыққан еді.
Иранда 12-ші президенттік сайлау 19 мамырда өтеді.