ІІМ-нің аумақтық бөлімшелері автомектептердің қызметін тексерді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазір 727 автомектеп жүргізуші даярлайды. Тексеріс барысында автодромдарда жол белгілері, жол таңбалары мен жарықтандыру жеткіліксіз екені, сондай-ақ, кейбір көліктердің ақауы бар екені анықталған. Осы кемшіліктерді жою үшін 20 ұйғарым берілген.
Сонымен қатар, жүргізушілерді даярлау үшін міндетті техникалық тексерістен өтпеген және сақтандыру полисі жоқ көлікті пайдаланған 59 ұйым анықталған. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті автомектептердің 701 тобының қызметін тоқтатты.
