Австралия билігі Telegram мессенджеріне қарсы сотқа жүгінді. Елдің электронды қауіпсіздік жөніндегі реттеушісі eSafety платформаны терроризмді насихаттайтын материалдарды дер кезінде жоймаған деп айыптап отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
nine.com.au порталының хабарлауынша, іс Австралияның Федералдық сотында қаралады. Реттеушінің мәліметінше, Telegram платформасында террористік ұйым "Ислам мемлекетіне" (ИГ) қатысты бейнематериалдар мен адамның басын кесіп өлтіру көріністері бар видеолар ұзақ уақыт бойы қолжетімді болып келген.
Австралия тарапы мұндай материалдардың таралуына жол бермеу үшін платформалар заң талаптарын орындауға міндетті екенін атап өтті.
Сонымен қатар Ресейде Telegram-ның негізін қалаушылардың бірі Павел Дуровқа қатысты терроризмге жәрдемдесті деген айыптар аясында іздеу жарияланғаны белгілі болды. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) мәліметінше, бірнеше ондаған жас Украина Қауіпсіздік қызметі пайдаланған делінетін чат-бот арқылы байланысқа шығып, кейін өрт қою, шабуыл жасау және алаяқтарға көмектесу сияқты әрекеттерге тартылған.
Ресей тарапы Telegram әкімшілігіне аталған чат пен заңсыз материалдарды жою туралы талап қойылғанымен, компания оны орындамағанын мәлімдейді. Ал Павел Дуров бұл айыптауларға қатысты ресми түсініктеме бермей, әлеуметтік желіде әдепсіз ишара жасағаны айтылды.