Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «AMANAT» пен «Әділет» партияларының бірігуі жағдайында партияның «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» сияқты жобаларының болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты нақты шешімдер бірігу үдерісі аяқталғаннан кейін белгілі болады.
«Бізде “Ауыл аманаты”, “Жер аманаты” сияқты маңызды жобалар бар. Олардың алдағы тағдырына қатысты қазір нақты жауап беру қиын. Оны біз осы үдеріске аяқ басқаннан кейін көреміз. Қалай болады, логикасы қандай болады, рәсімдері қалай жүзеге асады, оның барлығына дер кезінде жауап болады деп санаймын. Бұл өте маңызды бастама болғаннан кейін үміт бар. Сондықтан бүгін нақты қорытынды жасаудан гөрі, алдымен бірігу процесінің қалай аяқталатынын күту қажет», – деді Аймағамбетов.
Депутаттың сөзінше, қазіргі таңда басты мәселе партиялардың бірігуіне қатысты барлық рәсімдерді аяқтау. Ал қолданыстағы бағдарламалар мен жобалардың болашағы кейінірек жан-жақты қаралатын болады.