“Ауыр қылмыстар тіркелмеді”. Полиция елімізде Жаңа жыл түні қалай өткенін мәлімдеді

“Ауыр қылмыстар тіркелмеді”. Полиция елімізде Жаңа жыл түні қалай өткенін мәлімдеді
Фото: polisia.kz
Қазақстанда Жаңа жыл түні тыныш өтті. Полицияның хабарлауынша, мереке қарсаңында ауыр және аса ауыр қылмыстар тіркелмеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанда Жаңа жыл түні тыныш өтті. Полицияның хабарлауынша, мереке қарсаңында ауыр және аса ауыр қылмыстар тіркелмеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 31 желтоқсан таңынан 1 қаңтарға дейінгі аралықта полицияның 102 жедел нөміріне 11 448 қоңырау түскен. Оның 3082-сі түнгі уақытта тіркелген.

ПД өкілдері қоңыраулардың басым бөлігі ақпараттық сипатта болғанын атап өтті. Азаматтар пиротехника қолдану, мұз айдындарының орналасуы және жаңа жылдық шыршалар жайлы жиі сұраған.