Кездесу барысында кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жергілікті тұрғындарға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді.
«Гүлденген ауыл және тиімді ауыл шаруашылығы ауылдық жерлерде жайлы өмір сүру жағдайларын жасап қана қоймай, еліміздің барлық азаматы табысының өсуіне негіз болады, азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырады, урбанизацияға байланысты өткір әлеуметтік проблемаларды азайтады», – деп «Ауыл» партиясынан кандидат Болатбек Қыстауов өз сөзін қорытындылады.