Атап айтсақ, Қазақстан халық партиясы - 4, Nur Otan партиясы - 126, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 15, "Адал" саяси партиясы 2 квотаға ие болды.
Айта кетсек, Қызыорда облысында саяси науқанға қатысқан сайлаушылар саны 73,90 пайызды құрады.
...
Бұдан бөлек Орталық сайлау комиссиясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттары сайлауының қорытындысы жарияланды.
Мәслихаттар сайлауына бес партия жіберілді.
ОСК төрағасы Берік Имашев бірінші рет мәслихат депутаттары пропорционалды жүйе бойынша сайланғанын айтты.
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты - 31 мандат. Жалпы қалалық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша 88 үміткер тіркелді. Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" конституциялық заңына сәйкес, сайлау нәтижелері бойынша саяси партияларға депутаттық мандаттар сәйкесінше бөлінеді.
Осыған байланысты: Қазақстан Халық партиясы - 2 мандат, Nur Otan партиясы - 26 мандат, "Ақ жол" партиясы - 3 мандатқа ие болды, - деді Нұр-Сұлтан аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова.
Алматыға 39 мандат бөлінді. Бұл мандаттар келесідей бөлінді:
Nur Otan - 29 орын;
"Ақ жол" - 3 орын;
Қазақстанның халықтық партиясы - 3 орын;
"Ауыл" - 3 орын.
Шымкен қаласы мәслихатында 30 мандат бар. Олар келесідей таратылды:
Nur Otan - 24 орын;
"Ауыл" - 3 орын;
"Ақ жол" - 3 мандат.
10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтті