"Ауыл аманаты" жобасы Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға серпін беруде

Dalanews 25 қыр. 2023 06:32 939

Түркістан облысының аудан, қалалары мен елді мекендерін көгалдандыру, облыс аумағындағы құрылыс қалдықтарын тастайтын орындар және балық шаруашылығы, сондай-ақ «Ауыл аманаты»  жобасының 4-ші бағыты бойынша балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша облыс әкімінің тапсырмасымен жиын өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев, Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы  Ерғали Тілеген, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, аудан, қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары қатысты.

Отырыста балық шаруашылығына ерекше мән берілді. Алайда басқарма мен Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерімен бағдарламаның IV бағыты бойынша жеңілдетілген несие рәсімдеудің механизмдері туралы барлық аудан, қала әкімдіктерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, оң шешімін таппай отырғандығы сөз етілді.


Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасының IV «Балық шаруашылығын дамыту» бағыты бойынша аудан, қала әкімдіктерімен кәсіпкерлерге құжат тапсырту, жұмыстары төмен деңгейде жүргізіліп жатқандығы айтылды.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары күздік ағаш егу маусымына босатылатын көшеттердің жоспарына сәйкес аудан, қалалар көшеттер көлемін мүмкіндігінше алып, егу жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті. Сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту, құрылыс қалдықтарын тастайтын арнайы орындар ашу және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын инвесторларды айқындап,  жұмыстарды жандандыру бойынша нақты тапсырма берді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар