Ауыл әкімі ішімдік ішемін деп ұсталды

Сағыныш Сардарова 02 ақп. 2024 09:05 2189


Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің бірі мас күйінде жүріп ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Желіде Солтүстік Қазақстан облысы Чкалов ауылдық округінің әкімі мас күйде көлік тізгіндегені үшін 15 тәулікке қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.


Бұл жағдайға байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов пікір білдіріп, ауыл әкімі қамауға алынғанын растады.



"Мұндай оқиға болғаны рас. Ақпарат расталды. Ол жұмыстан босатылған жоқ, менің бұйрығыммен қызметінен шеттетілді", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар