Атырауда әйел адамнан 160-қа жуық психотроп дәрі тәркіленді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Атырау облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру іс-шарасы аясында психотроп заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 28 жастағы әйелді ұстады.
"Көпқабатты үйдің ауласында одан Тропикамид психотроп препаратының 159 құтысы тәркіленді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.