Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен келген қаражатты заңдастыру ісі бойынша шамамен 248 млн теңге өтеген. Бұл туралы сотта прокурор Олжас Хайроллаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, айыпталушылар келтірілген залалды өз еркімен өтеген. Төленген сома - 247 653 229,5 теңге және бұл қаражат толық жабылған.
Айта кетейік, бүгін атышулы сот ісіне нүкте қойылды.
Ерболат Жанәбілов 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
