Атыраудың экс-әкімінің үйқамаққа ауысу себебі белгілі болды

Dalanews 26 қаң. 2024 08:52 1689

Алаяқтық жасады деген күдікпен 11 қарашадан бері тергеу изоляторында жатқан Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевтың денсаулығы сыр берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.


“Облыс прокурорының ұсынысы бойынша қалалық мамандандырылған тергеу сотының 22 желтоқсандағы қаулысымен Оразбаевтың денсаулығына байланысты ол үйқамаққа ауыстырылды”, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.  


Естеріңізге сала кетейік, Оразбаевты Атырау облысы прокуратурасының қызметкерлері ұстаған болатын. Ол жер қатынастары саласында алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар